Кипрде қазақстандық әйел өз ұлын өлтіріп, артынан өзіне қол салған

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Адамды қасақана өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Кипрдың астанасы – Никосия қаласында 40 жастағы әйел өз ұлын пышақтап өлтірді. Полицияның оның Қазақстанның азаматы екенін айтады, деп хабарлайды Cyprus-mail.com.

Оқиға бейсенбі күні болған. Баланың өгей әкесі 52 жастағы грек азаматы үйіне түскі ас ішуге келген. Бірақ есікті ешкім ашпаған. Полицияда жұмыс істейтін ер адам бірден күдіктеніп, өрт сөндірушілерді шақырды. Олар терезе арқылы үйге кіргенде төсекте 12 жастағы баланың денесін көрген. Ал әйел залда жатқан.

Тергеушілердің айтуынша, әйел алдымен өз ұлын ас үй пышағымен өлтірген. Оның тамағында пышақтың үлкен ізі қалған. Содан кейін өз-өзіне қол салмақ болған. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. Әйелдің психикалық ауруы бар болып шықты. Бұған дейін бірнеше рет жеке дәрігерлерде емделген. Сол себепті Никасияның ауруханасында жасалған шұғыл отадан кейін оны бірден Аталастағы жындыханаға ауыстырды.

Тағы оқыңыз: Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің қылмысы

«Емдеуден кейін оның ісі сотқа жіберіледі», — дейді Никосия полициясының басшысы Яннакис Чараламбус.

Полицияның ақпараты бойынша әйел өз кінәсін мойындап, осы қылмыс арқылы өзін де, баласын да жан ауруынан құтқармақшы болдым деп мәлімдеді. Құқық қорғаушылар қылмыстық істі адамды қасақана өлтіру бабы бойынша қозғап отыр.



sputniknews.kz