«Кінәсін мойындамады»: Кәсіпкерге оқ атқан қаскөйлерге сот үкімі шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Петропавлда қаланың қақ ортасында кәсіпкерге оқ атқан қаскөйлерге қатысты сот үкімі шықты. Бизнесменге қастандық жасаған үш адамға 8 және 10 жыл аралығында жаза кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

кәсіпкер

«Айыпталушы Мустафин, Аушахманов және Арми кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен сот жәбірленуші мен куәгерлердің жауабына және өзге де айғақтарға сүйеніп, қылмыстың болғанын дәлелдеді. Күдіктілер алдын ала келісіп, жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтірген», – дейді судья Сергей Викторенко.

Сот барысында жанжалдың ойын-сауық орталығында басталғаны айтылды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, орталыққа мас күйінде кірген екі топ керісіп қалған. Кикілжіңнен кейін ашуға мінген азаматтар кәсіпкерді үйінің алдында күтіп алып, балалар ойнайтын алаңқайда атып кеткен еді.

Зардап шегуші аман қалды. Ал тасадан қару кезенгендерді тәртіп сақшылары екі айдан кейін қолға түсірген. Қалалықтардың зәресін ұшырған қанды қылмыс 10 ай бұрын болған еді. Осы оқиғаға қатысы бар тағы екі адам «бұзақылық» бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз