Ким Чен Ын коронавирус індетіне байланысты Оңтүстік Кореяға қолдау білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея халқына коронавирустың жаппай таралуына байланысты қолдау білдірді. Тиісті жолдау көрші елдің президенті Мун Чжэ Инге жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ким

РИА Новости порталының мәліметіне орай, Оңтүстік Кореянаың президентіне қолдау хаты 4 наурыз күні жолданған.

Өз сөзінде КХДР басшысы Оңтүстік Кореяның бұл қиыншылықты жеңіп шығатынына «күмән келтірмеймін» депті. Сонымен қатар ол көрші халыққа денсаулық, өзінің оңтүстіктегі әріптесіне аманшылық тілеп, өзінің Оңтүстік Кореяны жақын тартатынын қосыпты. 

Мун Чжэ Ин болса, оған алғыс білдіріп, хат жолдаған көрінеді. 

Атап кетерлік жайт, қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда 5700-ден астам індетті жұқтырып, олардың 35 моның кесірінен көз жұмған. 

 

stan.kz