«Кім болса да…» Жээнбеков Атамбаевқа қатысты ойын ашық айтты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қырғызстан президенті Шу облысы Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесуде Атамбаев туралы сұраққа жауап берді  

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі тиіс екенін мәлімдеді.

 Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Шу облысы Панфилов ауданы тұрғындарының сұрағына жауап бере отырып, бұрынғы президентке қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

«Қырғызстандықтарды Алмазбек Атамбаевтың айналасындағы жағдайға қатысты менің көзқарасым қызықтырып отырғанын білемін. Соңғы кездері оның айналасында болып жатқан оқиға, оның ішінде Атамбаевтың тергеуге шақырылуы – заңды құбылыс. Құқықтық мемлекетте тек қана заң аясында әрекет ету керек. Адам кім болса да – бұрынғы президент пе, шенеунік пе, әскери немесе қарапайым қызметкер ме – бәрі заң алдында тең. Сонда ғана ел дамиды. Атамбаевтың ісі де Қырғызстан заңнамасы аясында шешілуі тиіс», — деп атап өтті президент.

Тағы оқыңыз: Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады 

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.

Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

Бұдан соң саясаткердің үйінің маңында жақтастары жинала бастады. ІІМ тергеу тобы Атамбаевты үш рет жауап алуға шақырды. Алайда ол барған жоқ. Жогорку Кенеш шешімін заңсыз деп санайтынын алға тартқан. Атамбаев Коституциялық палатаға талап жолдады.



sputniknews.kz