Kaspi Bank халықтың наразылығына жауап берді 

0

Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі клиент кредитті үш айға шегеруге өтініш берсе, артық төлемнің артатынын растады

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Kaspi Bank клиенттері төтенше жағдайға байланысты кредитті үш айға шегеру шарттарына наразылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желілерде адамдар банктің кредитті үш айға шегергенін, алайда үш айдан кейін ақшаны артығымен төлеуге тура келетінін жазып жатыр.

«Kaspi банк кредиттердің төлемін үш айға шегерді. Алайда осы уақытта проценттер жүре береді. Бәрібір үш айдың үстемақысын төлеуге тура келеді. Банктер, керісінше, пайда көріп жатыр. Жаңа кредит бермесе де болады», – деді жазды бір клиент.

Sputnik Қазақстан осы мәселе бойынша Kaspi Bank-ке хабарласты. Қаржы ұйымның баспасөз қызметі клиент кредитті үш айға шегеруге өтініш берсе, артық төлемнің артатынын растады.

«Клиент үш айға төлемнен босатылады. Ондайда кредит алушы төлемнің мерзімін өткізіп алған болып саналмайды. Алайда төлем мөлшері өседі. Ай сайынғы төлем сол күйінде қалады. Сосын клиент кредитті кез келген уақытта мерзімінен бұрын жаба алады», – дейді Kaspi Bank-тың мамандары.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кредит процентін алып тастауды сұрайтындарға жауап берді

Банк төлем мөлшері қаншалықты өсетінін ашып айтпады, әзірге ұлттық банкпен пысықтап жатқанын жеткізді. Сондықтан қандай да бір өзгерістер болса, өз клиенттерін хабардар ететін болады.       

Айта кетейік, банктің шарттары бойынша әрбір клиенттің артық төлейтін ақшасы әртүрлі. Оның мөлшері кредиттің сомасы мен мерзіміне байланысты. Оны өтініш берген кезде білуге болады. Барлық өтінім 2 сәуірден бастап Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы беріледі. Ондай шара тек 2020 жылы 18 наурызға дейін алынған кредиттерге ғана қолданылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз