Кәріс әйел өз отбасын аман алып қалған қазақ отбасын 67 жылдан кейін тапты – Қазақстан жаңалықтары

0

Кәріс ұлтының өкілі Галина Пак өзінің туыстарын аман қалуға көмектескен қазақстандық отбасыны 67 жылдан кейін тапты. Ол жантебірентерлік оқиғасымен бөлісті.

Кәріс әйел өз отбасын аман алып қалған қазақ отбасын 67 жылдан кейін тапты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Галинаның сөзінше, кәрістерге қиын болған сол жылдары өзінің туыстары Қиыр Шығыстан Қазақстанға жіберілген. Осылайша, туыстары бастапқыда Қызылорда облысына келіп, кейіннен Ақтөбе облысына көшіп барған. Ол кезде Галинаның анасы Мария 10 жаста болған екен.

«Анам үнемі: «Қазақтарға рахмет! Олар бізді аштықтан аман алып қалды», – деп айтып отыратын», – дейді Галина. 

Оның сөзінше, анасы Ақтөбе облысында тұрмысқа шыққан. Мұнда 4 баланы дүниеге әкеліпті. Галина – балаларының кішісі. Олар бала күнінен қазақтың тілі мен дәстүрін біліп өскен.

Сонымен қатар Галина 1952 жылдың қысында болған оқиғаны еске алды. Сол кезде отбасы үш баласымен қарға омбығып, далада қалып қойыпты. Әкесі көмек іздеуге кеткен. Ол есігін қаққан бірінші үйдің иесі көмек қолын созып, отағасымен бірге көлікте қалған отбасына жәрдемдесуге барады. 

Ер адам олардың бәрін үйіне алып келіп, тамақ ұсынған. Галина сол кісі көмектеспегенде, отбасының аман қалмайтынын айтады. 

Содан бері ондаған жыл өткен. Ал Галинаның анасы отбасын құтқарып қалғандарға тиісінше алғыс білдіре алмағаны үшін қиналған екен. Бүгінде Галина мен әпкесінің ғана көзі тірі. Олар Ақтөбеде тұрады. 

Сол оқиғадан бері арада 67 жыл өткен соң Галина өзінің туыстарына көмектескен Әлмұқановтар отбасын тауып алған. Сол кезде көмек қолын созған отағасы Әлмұқан Сейсембин өмірден озған. Анықталғандай, оның балалары ауылдан Ақтөбеге көшіп келіпті. 

Галина Әлмұқан атаның төрт ұлдарының бірінің жұбайы Өзипа апамен танысқан. Сонымен қатар оның немере-шөберелерімен де жүздесіпті. Ендігі олар үнемі араласып тұрмақ.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз