Кариб теңізінің сұлулары: Париж карнавалың айшықты сәттері

0

Жыл сайын жаздың ең қызған шағында Парижде карнавал өтеді: Багам, Гренада, Куба, Доминика, Барбадоса және басқа Кариб елдерінен келген арулар ырғақты әуенге мың бұрала билеп, парадқа шығады

Карнавал 2001 жылдан бері өтіп келеді. Бұл мерекені өткізуге Парижде тұратын Кариб мәдениеті өкілдері бастамашы болған екен.

Қазірде айшықты шара Париж тұрғындары мен қонақтарының асыға күтетін сүйікті мейрамына айналды.

Тағы көріңіз: Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады — фото

Шеруде халық назарына Кариб елдерінің ұлттық киімдері ғана ұсынылмайды. Қытай, Нидерланды, Вьетнам және Ұлыбритания халқы да өз салт-дәстүрлерін әлемге паш етеді.

Мерекенің ең қызықты сәті – патшайымды таңдау. Конкурс жеңімпазы атанған ару сыйлық алып қана қоймай, карнавалдың бейнесіне айналады.

Париж көшелерінде өткен тропикалық карнавалды фотолентамыздан тамашалаңыз!

Тағы оқыңыз: Азияның үздік бодибилдер қыз-жігіттері — фото



sputniknews.kz