Карантинге алынған аумақта өрт шықса не істеу керек?

0

Пәтер иелері кооперативі карантин аумағындағы тұрғындар үшін алдын ала басқа кіреберістердің тұрғындарымен араласпайтындай ауладан орын анықтауы керек

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматыда төтенше жағдайға байланысты карантин енгізілген аумақта өрт шыққан жағдайда не істеу керек екенін қалалық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Арман Бәйгелов айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қалада 24 карантиндік аймақ бар. Барлығының кіреберісі шектелген. Пәтер иелері кооперативі басшылары осындай пәтерлердің бірінде өрт шыққан жағдайда барлық кіреберістің эвакуацияланатынын түсінген жөн», – деді Бәйгелов.

Ең алдымен, пәтер иелері кооперативі карантин аумағындағы тұрғындар үшін алдын ала басқа кіреберістердің тұрғындарымен араласпайтындай ауладан орын анықтауы керек.

Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлерде негізгі және эвакуациялық шығу есіктерін ашық ұстау керек.

Үйдегі өрттен қорғау жүйесін (хабарландыру мен түтін шығаратын жүйе) таза ұстау керек және эвакуация бағыттары (баспалдақтар, дәліздер, холл және фойе) әртүрлі тұрмыстық заттармен бітеліп қалмауы тиіс.

Балкондардағы қабатаралық эвакуациялау люктері еркін ашылуы керек.

Оқи отырыңыз: Атырауда облыстық аурухана карантинге жабылды

​Егер өрттің белгілері анықталса, ең алдымен мемлекеттік өртке қарсы қызметке 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Айта кетейік, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен 1 525 құтқарушы қызмет атқарудың ерекше жұмыс режиміне ауыстырылды. Тәулік бойы 118 техника мен 355 құтқарушы және өрт сөндіруші жұмыс істейді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз