Карантин кезінде 75 мың теңге төленеді: Министрлік түсініктеме берді

0

Еңбек министрлігі карантиннің күшейтілгеніне қарамастан, азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы төлеуге заңнамалық негіз жоқ екенін айтты

Интернетте карантин кезінде азаматтарға 75 мың теңге төленеді деген хабарлама тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар коронавируспен қайтадан ауыра ма: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде қазақстандықтарға 75 мың теңге әлеуметтік төлем беріледі деген ақпарат таратқан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы қайта төлене бастайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын айтылғандай, 42 500 теңге төтенше жағдай жарияланғанына байланысты төленген болатын. Ал қазіргі жағдайда шектеу шаралары тек күшейтіліп отыр. Осыған байланысты төлемді жүзеге асыруға заңнамалық негіз жоқ», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Белгілі профессор ғалым Назарбаевқа үндеу жасады: Өлген соң Түркістанға, Әзірет-Сұлтанға жерлеуге өсиет етіңіз

Министрлік азаматтардан жалған ақпараттарға сенбеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрады.

Қазақстанда карантин күшейтілді

Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты бесінші шілдеден республикада жаңа карантин жарияланды. Күшейтілген карантин екі аптаға созылады, одан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Қоғамдық көліктің жұмысы шектелді, елордада, тіпті, екі апта бойы жүрмейді. Бірқатар нысан уақытша жабылды.

Өңірлер арасында қалааралық автобустар тоқтады.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Семей қалалары жабылды. Бұған дейін Байқоңыр қаласы жабылған болатын.

Десе де, елде ішкі және халықаралық әуе қатынасы сақталған, пойыздар тоқтамағанымен, бірқатар шектеу бар. Өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге рұқсат етіліп отыр.

Sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз