Кабулдағы үкімет ғимаратына жасалған шабуылдан 29 адам қаза тапты

0

Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында үкімет ғимаратына жасалған террорлық шабуылдан 29 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, террорлық шабуыл жарылғыш тиелген көлік арқылы жасалған. Жарылыстан кейін қарулы содырлар ғимаратқа басып кірген. Қауіпсіздік қызметкерлері үш содырды өлтірген және ғимараттағы 357 адамды қауіпсіз жерге жеткізген.

Ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, үкімет ғимаратының ішінде де террорлық топтың жақтастары болған. Қауіпсіздік күштері мен қарулы содырлар арасында атыс кезінде ғимарат ішінде өрт шыққан. Онымен қоса содырлар ғимарат ішінде тағы бірнеше рет жарылыс жасаған.

Соңғы кездері, Ауғанстан үкіметінде және үкіметке қарасты қарулы күштердің арасында Талибан ұйымының жақтастары бар екені белгілі болуда. Үкімет күштерінің арасындағы террорлық ұйымның жақтастары жағынан жасалған шабуылдардан жүзге тарта адам қаза болған.

“The Qazaq Times”

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз