Эпидемиямен күресте 800 мың шақырым — Қазақстан жаңалықтары

0

«БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТОНЫҢ» екі жүздеген еріктілер экипажы Қазақстанда COVID-19 таралуын болдырмауға көмектесуде.

Еліміздің ең ірі автомобиль холдингі пандемияға қарсы әрекет етуге үлес қосуда. Республика аумағында ТЖ режимі енгізіле салысымен «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» тобы жедел қызметтер мен еріктілердің қарамағына 80 жаңа автомобиль берді.

Техниканың жұмысы үшін 200 жүргізуші-ерікті жауап береді. 

Алғашқы 30 автомобиль Алматы, Нұр-Сұлтан және Өскемендегі қызметтерге 25 наурызда берілген. Бір апта өткеннен кейін дәрігерлер мен азаматтарға 15 өңірге тағы да жарты жүз автомобиль келді. Машиналарды жалпы ағымға сәйкестендіру жеңіл: олар ерекше түрде ресімделген және жарық қораптарымен жабдықталған. 

«БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» КТ-нан келген жүргізуші-еріктілер командасының бөлімі, Алматы 

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің автомобильдері бір айдан астам Қазақстанның қалаларында қатынап жүр. Оларды қазақстандықтар «Вирусқа қарсылар», «коронамобильдер» деп атайды. 

Экипаждар атқаратын негізгі міндеттер: СЭҚ мамандарымен бірге санитарлық өңдеу үшін инфекция таралған ошақтарға бару, медперсонал мен еріктілерді тасымалдау, азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектер, қорғаныс құралдарын жеткізу. 

Еріктілердің жұмысы күнделікті нақты жәрдемдесу:

«Бізге шекті шараларға баруға – қаланың шегіндегі қозғалыстарды шектеуге тура келді. Ол үшін көптеген әртүрлі мәселелерді шешу керек болды. Алматы – ірі қала, адамдар мен көліктер жетпеді. 

Одан басқа, автомобильдердің, жүргізушілердің, сақтандырудың, жанармай мен қосалқы бөлшектердің сақталуына қамқорлық танытуымыз қажет болды. «БИПЭК АВТО» барлығын өзіне алатын болды. Онымен бірге көлікпен және адамдармен қамтамасыз ету аса жедел берілді. Көмектеріңіз бен жеделдіктеріңіз үшін рақмет! Біз штабта оны бірінші кезекте бағалаймыз», — деп түсіндірді Алматы әкімінің бірінші орынбасары мен жедел штабтың бастығы Ерлан Кожаганов

Автомобильдерді шығару мен қызмет көрсетуге арналған жалпы шығындар 73 млн теңгеден астамды құрайды. Олардың ішінде компанияның ЖЖМ-ға арналған шығындары – 13 млн теңге (84 мың литр жанармай). Жүргізушілердің жалақы қоры – 48 млн теңге. 

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» КТ көлік бөлімінің бастығы Андрей Веденин хабарлағандай, бір ай ішінде компанияның жүргізушілері орасан зор жұмыс атқарды – қызметті үш ауысыммен істеп жатыр. 

«Бәрі жақсы болады» деген ұранмен айшықталған әрбір автомобильді нағыз батырлар басқаруда. Олар тәуекелдігі жоғары аймақта жұмыс істеуге тура келіп жатыр. Жұқтыру ошақтарына ғана 310 рет барған. 40 мыңға жуық азық-түлік себеті жеткізілген. Осы кезеңде барлық еріктілердің денсаулықтары сау.  Штабтарда қатаң санитарлық тәртіп жұмыс істеуде», – деп баса айтты Андрей Веденин.

Компанияның басшылығы жалпы саны 10 000 дана дайындалған бетпердені барлығынан да қажетті орындарға – ШҚО ауруханаларына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскерилерге – вирусты потенциалды тасымалдағандармен тікелей байланыс аймағында болған адамдарға тегін беруге шешім қабылдады. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы ардагер – Козак Кузьма Николаевичті құттықтау 

«Коронамобиль» экипаждарының жақындағы жоспарларында – Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен ҰОС қатысушыларына көңіл бөлу мен қолдауды қамтамасыз ету тұр. Алматыдағы Ұлы Отан соғысының Ардагерлер кеңесіне компания LADA Largus автомобилін сыйлайды. 

«Өмір спираль бойымен дамиды –соғыс жылдары осы адамдар алдыңғы шепте болды, Отанымызды фашизмнен босату үшін күресті. Олар мұны болашақ ұрпақ үшін, біз үшін істеді»,- дейді «БИПЭК АВТО Қазақстан» коммерциялық директоры  Константин Лобанов.

Бүгін жас ұрпақтың кезегі келді. Ол ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі. Әрбір қазақстандыққа мықты денсаулық тілейміз, бүгінгі күні ол баға жетес байлық». 

stan.kz