Экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі 35 пайызға жетеді — министр Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ekonomikadagy-shagyn-zhane-orta-biznes-ulesi-35-payyzga-zhetedi-ministr_a3659061 — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ел экономикасында шағын және орта бизнес үлесін арттыру бойынша жоспармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2019 жылы ЖІӨ-да шағын және орта бизнес үлесі 30,8 пайыз болды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,9 пайыз еді. Біздің мақсат – шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2025 жылы 35 пайызға жеткізу. Бизнеске тартылғандар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде бұл салада 3,4 млн адам қызмет етуде», — деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Министрдің айтуынша, бәсекелестік үшін жағдай жасау бағытында министрлік жүйелі шараларды қарастыруда. Сондықтан нарықта бизнес жұмысы үшін кедергілерді жою және мемлекеттік қатысу үлесін төмендету ескерілген. 

Бұған дейін хабарланғандай, Р. Дәленов «Бизнестің жол картасы — 2025» аясында шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағыты іске асырылатынын айтты.
 

stan.kz