«Эйр Астана» ұшағы Франкфурттан Атырауға жете алмай, Оралға қонды – Ел жаңалықтары

0

«Эйр Астана» әуекомпаниясының Франкфурттан ұшып шыққан ұшағы Атырауға жете алмай, шұғыл түрде Оралға қонды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 желтоқсан түнде болған. «Сағат 22.40-та Франкфурт – Атырау бағытындағы ұшақ қозғалтқыштарының біріндегі ақау туралы хабарлады. Сағат 23.22-де А321 НЕО әуе кемесі Орал әуежайына қонды», – деді ведомстводағылар.

Лайнер бортында 64 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қазіргі таңда әуекомпания жолаушыларды Орал қонақүйлеріне орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Бұл дерекке қатысты тергеу басталды.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз