Израиль Сириядағы бірқатар нысандарды атқылады

0

Израильдің әскери әуе күштері Сирияның оңтүстік-батысындағы Кунейтра провинциясындағы бірқатар нысандарды зымыранмен атқылады. Қаза тапқандар бар.

Шабуылдың болғанын Израильдің қорғаныс саласындағы шенеуніктер растады. Олар мұны Израиль бақылауындағы Голан жотасына қарай бағытталған екі сириялық зымыран шабуылына «жауап» ретінде атаған. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху зымыранмен атқылауға жеке өзі бұйрық бергенін айтып, Израильдің үнемі «агрессияға күшпен жауап беретінін» жеткізген. Шабуыл нысаны артиллериялық батареялар және әскери бақылау пунктері болғаны айтылады.

Израиль агрессиясын айыптаған Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары шабуыл салдарынан үш сириялық сарбаздың өлгенін хабарлады.

Ұлыбританияда орналасқан Адам құқығын бақылайтын сириялық орталық үкімет әскерилерінен бөлек одақтас елдің жеті сарбазы мерт болғанын мәлімдеді. Орталық мамандарының болжамынша, бұлар ирандық сарбаз болуы мүмкін.

Израиль Сирия аумағын зымыранмен жиі атқылайды. Әдетте олар ондағы Иран немесе Иранның шииттік топтарымен байланысы бар нысандарды көздейді. Мұндай шабуыл жасалғанын үнемі растай бермейтін Израиль оны «Иран агрессиясынан қорғану амалы» ретінде түсіндіріп келеді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз