Иығы ашық көйлек киген Ерке Есмахан жұртқа жақпай қалды (фото)

0

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан өз Instagram парақшасында иығы ашық көйлекпен түскен суретін жариялады.

Әнші суретінің астына «Дым демеймін, сіздер дейсіздер ғой бәрібір» деген сөздер жазып қалдырыпты. Ал бұл жазбаны көрген желі қолданушылары халық еркесін аяусыз сынап тастаған екен.

«Сұмдық», «Өшірші», «Ұят», «Өзгеріп барасың», «Өз өміріңіз ғой, мен дым демеймін», «Жұлдыз ауруына шалдыққансың» -деп жазған олар.

Жұрттың ызасын тудырған бұл сурет бір күннің ішінде 70 мыңнан астам лүпіл мен екі мыңнан аса пікір жинапты.