Иван Дычко — Нэйт Хэвен: видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Иван Дычко кәсіби рингтегі тоғызыншы кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокста тоғызыншы рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливудта кезекті кездесуін америкалық боксшы Нэйт Хэвенге (9-2, 7 КО) қарсы өткізді. Ауыр салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ Дычко екінші раундтқа қарсыласын нокаутқа түсірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сонымен, қазір Иванның кәсіби рингте тоғыз жеңісі бар, ол әлі бірде-бір рет қарсыласынан ұтылып көрген жоқ.

Бұдан бұрын Дычконың менеджері Зия Алиев айтқандай, қазақстандық боксшы биыл кем дегенде тағы үш жекпе-жек өткізеді.

Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты



sputniknews.kz