Итальяндық дәрігер «коронавирус жастар үшін қауіпті емес» деген пікірді жоққа шығарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Италияда дәрігер «коронавирус тек қарт адамдар үшін қауіпті және 20-30 жас аралығындағы жастар үшін қауіпті емес» деген пікірді жоққа шығармақ болды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. 

ДДСҰ ақпаратына сәйкес, жастардың коронавирусты жұқтыру қауіпі жоғары, және одан емделу ұзақ уақытты талап етеді, тіпті аурудан көз жұмуы да мүмкін. 

Итальяның Ломбардия ауданындағы аурухананың интенсивті терапия бөліміне коронавирус жұқтырған көптеген жас қазірдің өзінде ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлаған аурухана бөлім бастығы Антонио Песпенти.

Дәрігердің айтуынша, оның бөлімшесіндегі пациенттердің жартысы 65 жастан асқан қарт адамдар екенін, алайда қалған жартысы осы жастан кіші және олардың арасында 20 және 30 жастағы адамдар бар. Соған қарамастан, Песенти жастардың ауруды жеңіге мүмкіндігі көбірек екенін мойындады.

Басылымның мәліметінше, Италияда коронавирусқа шалдықан 28 мың науқастың төрттен бірі 19-50 жас аралығындағы адамдар.

stan.kz