Италия шетелдік туристер үшін шекарасын ашты – Қазақстан жаңалықтары

0

Италия еуропалық туристер үшін мемлекет шекарасын қайта ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Италия

Бұл туралы The Local басылымы жазыпты. 

Елде бұған қоса өңірлер арасындағы қозғалыс қайта жанданған. 

Басылмының мәліметіне сүйенсек, Италия билігі Еуроодақтың 26 мемлекеті, Шенген ауданына кіретін Исландия, Норвегия, Лихтенштейн мен Швейцария елдерінен бөлек, Ұлыбритания, Андорра, Монако, Сан-Марино және Ватиканнан келген азаматтарды міндетті карантинге жатқызу туралы шешімнен бас тартыпты. 

Алайда егер аталған мемлекеттердің азаматтары рұқсат берілмеген басқа елден келген болса, 14 күндік карантинге жабылатын сыңайлы. 

Еуроодаққа кірмейтін мемлекеттер үшін Италия 15 маусымға дейін жабық болмақ. 

Атап кетерлік жайт, Италия коронавирустан ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі күні мемлекетте 234 мың адам індет жұқтырып, олардың 160 мыңы аурудан айыққан. Жалпы алғанда 33,5 мың адам кеселден көз жұмған.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз