Испания коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Қытайдан озды — Қазақстан жаңалықтары

0

Енді Испания коронавирустан көз жұмғандардың саны жөніннен Қытайды басып өзды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус в Испании

Испания билігі ресми мәлімдемелерді жариялады. Соңғы деректерге сәйкес, инфекция жұқтырғандардың саны 47 610-ға, ал көз жұмғандардың саны 3 434-ке жетіпті. Бұл дегеніміз Испания өлім көрсеткіші бойынша Қытайды озып кеткендігін аңғартады. 

Соңғы бір күнде Испанияда 738 адам аурудан көз жұмған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 30%-ға жоғары екен. 

Марқұмдардың саны бойынша Италия алдыңғы орынға шығыпты: қазір елде 7000-ға жуық адамның өмірін індет қиып үлгерген. 

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 428 мыңды, ал көз жұмғандардың саны 18,9 мыңды құрап отыр. 109,1 науқас аурудан құлан таза айығып шыққан. 

 

 

stan.kz