Ішкі істер министрі неліктен әлеуметтік желіде отырмайтыны жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әлеуметтік желіде жеке парақшасы не үшін жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ІІМ ұшақ апатына себеп болған үш жағдайды атады

«Қаламағанымнан емес. Өйткені, біздің бөлімшелеріміз өте үлкен. Ішкі істер министрлігінің жеке құрамында 148 мың қызметкер бар. 4 ірі бөлімше — бұл полиция бөлімшесі, Ұлттық гвардия, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті және nөтенше жағдайлар жөніндегі комитет. Өте көп оқиға орын алып жатады. Ел аумағында бір тәулікте 400-500, жылына 230-240 мың қылмыс орын алады. Сондықтан тек менің блогыма ғана күнделікті 500-ге дейін сауал түседі. Егер өзіме аккаунт ашатын болсам, онда 24 сағат сонда отырып, сауалдарға жауап беруіме тура келеді. Ішкі істер министрінің тікелей атына келіп түсетін шағымдар мен жүгінулерді өзім қарап, қолымды қоя отырып, жауап беремін», — деді министр.

Бұған дейін министр Қазақстандық жүргізушілер қашаннан бастап құжатсыз көлік айдай алатыны жайлы айтып кеткен еді.  

 

stan.kz