Ирландия премьері Тоқаевқа қоңырау шалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан президенті мен Ирландия премьері коронавирусқа қатысты жағдайды және екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ирландия премьер-министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті.  

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Тараптар іскерлік байланыстарды күшейтуге және ауылшаруашылығы, жоғары технологиялар мен инновациялар салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды 

Қасым-Жомарт Тоқаев және Лео Варадкар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер қозғады, оның ішінде,  БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар алаңында Қазақстан мен Ирландияның өзара әрекеттесуі жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты дамыту мен ілгерілетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына ерекше тоқталды. Қазақстан президенті және Ирландияның премьер-министрі екі елдің пандемияның кері салдарын жеңілдету бойынша кешенді шаралар, оның ішінде, тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңде іскерлік белсенділікті ынталандыру жұмыстарын жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесуге Лео Варадкар бастамашы болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз