Иранда ұшақ құлады: қазақстандықтар бар ма?

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін екі минуттан соң құлаған, бортта 167 жолаушы болған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Иранда украиналық Boeing 737 құлады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша ұшақта қазақстандықтар болмаған.

«Иран сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын ала ақпараты бойынша, украиналық әуе компанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ», – деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ирандағы қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтарымен байланысып жатыр.

Айта кетсек, қазір Иранда Қазақстанның 174 азаматы тіркелген.

Тегеран – Киев ұшағы құлады

Бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның жолаушылар ұшағы құлады.

Алдын ала мәлімет бойынша трагедия «техникалық проблемадан» болған.

Әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң, ұшақпен байланыс үзілген.

Иранның азаматтық авиация өкілі лайнер бортында 167 жолаушы болғанын мәлімдеді. Ресми деректерге сүйенсек, тірі қалғандар жоқ.

Украинаның сыртқы істер министрлігі Тегеран әуежайының маңында Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырағанын растады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз