Иран украиналық ұшақты әскерилердің «қателесіп» атып түсіргенін мойындады

0

11 қаңтарда таңертең ирандық мемлекеттік телеарна арқылы мәлімдеме жасаған Иран қарулы күштерінің бас штабы ұшақ Ислам революциясы сақшылар корпусының «құпия әскери орталығына» қарай бағыт алғандықтан әскерилердің оны «жау нысаны» деп ойлап қалғанын айтты.

АҚШ-пен қарым-қатынастың ушығуына байланысты сарбаздар «әскери тұрғыда дайын» отырды делінген мәлімдемеде. Тегеран кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты.

Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасынан кешірім сұрап, көңіл айтты.

Иран министрі сонымен бірге АҚШ-ты да кінәлады.

«Қайғылы күн. Қарулы күштер жүргізген ішкі тергеудің алдын ала қорытындысы: АҚШ-тың соқыр тәуекелшілдігінен туындаған дағдарыс кезінде адамнан кеткен қателік» деп жазды ол Twitter-де.

Бұған дейін Иран үкіметі бірнеше күн бойы батыс жетекшілері мен сарапшыларының «ұшақты ирандық зымыран атып түсірді» деген мәлімдемесін жоққа шығарып келген еді.

ВИДЕО: Батыс «Украина ұшағына Иран зымыраны тиген» дейді. Тегеран мұнымен келіспейді (10 қаңтар 2020 жыл).

АҚШ Иранның сегіз шенеунігіне және елдің метал өндірісіне жаңа санкция салды.

9 қаңтарда Украинаның ресми өкілдері ұшақты Иран зенит-зымыран кешенінің Ресейде жасалған «Тор-M1» зымыраны атып түсірді деген болжамды да жоққа шығармайтынын мәлімдеген.

«Украинаның халықаралық әуе желісі» компаниясына тиесілі ұшақ Тегераннан Киевке ұшқан. Ұшақта Канаданың – 57, Иранның – 82, Ауғанстанның – 4, Германияның – 3, Ұлыбританияның – 3, Украинаның – 11 азаматы болған. 176 адамның барлығы қаза болды.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз