Инсульт қауіпін не нәрсе жоғарылататыны белгілі болды – Қазақстан жаңалықтары

0

Инсульт қауіпін жұмыртқа жоғарлатады, ал жеміс-жидектер мен көкөністер, ірімшік керісінше, қауіпті төмендетеді, деп хабарлайды The Independent

Инсулттың алдын-алу үшін диета ұстау керек дейді ғалымдар.

 European Heart Journal -да жарияланған зерттеу бойынша инсульттың негізгі екі түрі мен оған қандай азық-түліктердің байланысы бар екені анықталды.

Еуропаның 9 мемлекетіндегі 418 мың адамды бақылаған зерттеушілер жеміс-жидек пен көкөністер инсульт қауіпін төмендететінінін айтты», – деп жазады зерттеудің авторы.

Зерттеуде жұмыртқаны көп тұтыну инсульт қаупін арттыратыны жазылған. Ғалымдар зерттеуге қатысқан адамдарды 12 жыл бойы бақылаған.

«Күніне артық 20 грамм жұмыртқа жеу инсульттың болу мүмкіндігін жоғарылатады»,-делінген зерттеуде.

Зерттеудің авторы, Шеффилд Университетінің кардиология профессоры Пол Эванстың айтуынша, қауіптің артуы немесе кемуіне тек тамақтану емес, әлеуметтік экономикалық факторлар да әсер етуі мүмкін.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз