Индонезияда сайлаудан кейін дауыс санаған 500 қызметкер көз жұмды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Көз жұмғандар – 50 мен 70 жас аралығындағы азаматтар

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Индонезияның денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлердің басым көпшілігі инсульт пен инфарктан көз жұмғанын хабарлады.

Бұған дейін Индонезия сайлау комиссияларының жүздеген қызметкері дауыс санау кезінде қауырт жұмысқа шыдамай ажал құшқаны хабарланған еді. Тағы 2,5 мыңнан астамы ауруханаға түскен болатын.

Сайлауда кімге дауыс бересіз – Қазақстанда мұндай сұрақты кім қоя алады

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, сайлаудан кейін елде 496 қызметкер көз жұмған, олардың дені – 131 адам Батыс Джава  провинциясында қаза болды, деп жазады Strait Times.

Орталық сайлау комиссиясы көз жұмғандардың жасы 50 мен 70 жас аралығында болғанын атап өтті.

Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма? 

Айта кетсек, Индонезияда 21 сәуір күні бір мезетте біркүндік жалпыға бірдей сайлау өтіп, ел президенті мен вице-президент, ұлттық парламент, өңірлік парламент, қалалық және аудандық деңгейдегі муниципалды кеңестердің депутаттары сайланды. Әр сайлаушы бес сайлау бюллетенін толтырып, бес түрлі урнаға салуы тиіс болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша сайлаушылардың 80 проценттен астамы дауыс беруге қатысқан. Сайлаудың ресми нәтижесі 22 мамырда жария етіледі.



sputniknews.kz