ІІМ полиция қызметкерлерінің жаңа жобалық формасын ұсынды

0

Нысанды киім соңғы рет 2005 жылы өзгерген.

Қазақстандық полицейлердің (әкімшілік-басқару персоналы) жаңа нысанды киімінің жобасын назарларыңызға ұсынамыз деп хабарлайды zakon.kz.

Нысанды киім соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді.

Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар – оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы.

Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қазақстандық полицейлердің нысанды киімінің жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз