IBF жыл үздіктері тізіміне Геннадий Головкинді қоспады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Халықаралық бокс федерациясының белбеуін үш не одан да көп мәрте қорғаған боксшылар чемпиондық жүзік алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 2019 жылдың үздік боксшыларын анықтады.

Айта кетерлігі, жыл үздіктері тізіміне қазақстандық Геннадий Головкин ілінген жоқ.

Оқи отырыңыз: Головкиннің келесі қарсыласының есімі ресми түрде жария етілді 

Джерси Джо Уолкоттың құрметіне берілетін «Жыл боксшысы» номинациясында жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррол Спенс жеңімпаз атанды, деп хабарлады Prosports.kz.

IBF белбеуін үш не одан да көп мәрте қорғаған боксшылар чемпиондық жүзік алды:

  • Артур Бетербиев – жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы;
  • Мари-Ив Дикер – екінші орта салмақта IBF чемпионы;
  • Морути Мталане – аса жеңіл салмақта IBF чемпионы;
  • Кларисса Шилдс – орта салмақта абсолют чемпион;
  • Джош Уоррингтон – жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы.



sputniknews.kz