Халықтың табысы желініп жатыр – Годунова

0

Халықтың тұрмысы несиелеу есебінен қамтамасыз етілгендіктен, қарызға бату әлеуметтік проблемаларға әкеп соғады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстандықтардың артық ақша жинауға мүмкіндігі жоқ, өйткені халықтың табысы жартылай «желініп жатыр». Бұл туралы есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол халықтың нақты табысы 5,5 процентке өскенін атап өтті.

«Бұл өте маңызды. Өйткені бізде халықтың нақты кірісі өспеген кездер болды», – деді мәжілісте баяндама жасаған Годунова.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы орташа 500 мың теңге табыс табады

Алайда, оның айтуынша, халықтың шығынында азық-түлік тауарларының үлесі 50 процентке дейін ұлғайған.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 процентті құрайды.

«Тіпті, Ресей мен Беларусьте бұл цифр азаматтардың табысының үштен бірінен аспайды. Бұл нені білдіреді? Халықтың табысы жартылай «желініп жатыр», сол себепті азаматтардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі жоқ», – деді ол.

Годунова халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, несиелеу есебінен қамтамасыз етіліп жатқанын айтты. Ал халықтың қарызға батуы әлеуметтік проблемаларға әкеп соғады.



sputniknews.kz