ХАЛЫҚТАН ҚОЛДАУ ТАПТЫ | «Айқын» газеті

0

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқының рухани дамуына үнемі бағыт-бағдар беріп келеді. Кез келген халықтың рухани түлеуіне негіз болатын екі бағыт – тарих пен мәдениетке үнемі қолдау көрсетеді. Тікелей Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғанда тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылып, жоғымыз түгенделіп, халқымыздың өткен тарихы ұлттық тұрғыдан жазылуға мүмкіндік алды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласы заманауи білім беру, жаһанданған оқу-ағарту ісінде айтар­лықтай жетістіктерге қол жеткізіп қой­май, өңірлердегі тарихи-мәдени орта­лықтардың қызметіне жаңа серпін бер­ді. Тіпті осы «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы елді мекендерде сол жер­дің тарихынан сыр шертетін бірқатар мәдени орталықтардың ашылуына мұрындық болғанына куәміз.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңызды жалғасы. Жарық көрісімен халықтан қызу қолдау тапты. Әсіресе, тарихи-мәдени орталықтарда мақала төңірегінде сабақтар мен дөңгелек үстелдер өтіп келеді. Демек, Елбасының бұл мақаласы да біз жоғарыда айтқан «Мәдени мұра» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сияқты халықтың тарихын толықтыратын, мәдениетін айқындайтын рухани жетілу мен тү­леуді мұрат еткен бастамалардың жа­ңашыл жалғасыы. Елбасы «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» атты екінші бөлімінің «Архив – 2025» атты тар­мағында «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қоз­ғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстан­дық­тардың бойында өз бастауларына ­деген ортақтық сезімін қалып­тас­тырады», – деді.
Бұл өңірлердегі тарихи-мәдени орталықтардың қызметіне деген қолдау мен халыққа рухани қызмет көрсету ісін одан ары жетілдіру керек дегенді білдіреді. Өйткені тарихи-мәдени орталықтар халыққа рухани қызмет етуде, өзі орналасқан жерінің тарихы мен сол жерден шыққан ел азаматта­рының халқына жасаған қызметін дәріптейтін, сонымен қатар оны тарих және мәдениетпен ұштастыратын мәдени ошақ.
Елбасының көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді дұрыс пайым­дауға бағыт беріп отыратын игі істері мен ауқымды бастамалары қашанда туған халқынан қолдау табады!

Адиля ҚОРЖЫМБАЕВА,
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз