Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті құрылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Енді туризм саласындағы білікті мамандар өз елімізде даярланады

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстан үкіметінің қаулысымен Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы үкіметтің 2019 жылғы 20 наурыздағы қаулысында айтылған.

«Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», – делінген құжатта.

Жоғары оқу орнының негізгі қызметі –жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік салада білім беру қызметтерін ұсыну, практикада ғылыми әзірлемелер енгізу.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, былтыр күзде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризм саласында білікті мамандар даярлау үшін елордада Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылатынын айтқан еді.

Университеттің оқыту жүйесіне әлемдегі ең үздік Австриядағы Зальцбург мектебі, АҚШ-тағы Вашингтон университеті, БАӘ, Швейцариядағы білім мекемелері, Гонконгтағы туризм менеджменті жоғары мектебінің тәжіріибелері енгізілмек. Ал түлектеріне халықаралық дәрежедегі диплом беріледі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз