Ғылым ордасының басшысы қызметкерімен қоса ұсталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Олар мемлекетке тиесілі үй-жайды жалға бергені үшін тұрақты түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ғылым ордасы» РМК бас директорының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, мекеме басшысы қол астындағы қызметкерлермен бірге пара алғаны үшін айыпталып отыр.

«Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ғылым ордасы» РМК бас директоры мен осы мекеменің бас экономистіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар мемлекетке тиесілі үй-жайды жалға бергені үшін тұрақты түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінді. Жалға беру кезінде тиісті келісімшарттар жасалмаған», – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, мекеме директоры ұсталып, уақытша қамау абақтысына тоғытылды.

«Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады», – деп атап көрсетті Биғайдаров.

Айта кетейік, білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан республикасы үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен құрылған болатын.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мұражайларды дамыту, елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және танымал ету. Ғылым ордасы базасында Қазақстан ғылымының тарихы, табиғат, археология және сирек кездесетін кітаптар мұражайлары жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы ауданының судьясы парамен ұсталды – видео

2014 жылдан бастап ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында Ғылым ордасының базасында ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми-зерттеу институттарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен ғылыми кадрларды даярлау орталығы құрылып, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз