Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ол Қуанышбек Ысқақовтың орнына келді. Жаңа әкім бұған дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген жарлықта.

Бұл лауазымды бұған дейін Қуанышбек Ысқақов атқарды, ол мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.



sputniknews.kz