Грекияда Фетхулла Гүлен жақтастарына байланысты сот ісі жалғасуда

0

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда төңкеріс жасауға тырысқан Фетхулла Гүленнің жақтастарына байланысты Грекияда сот ісі жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда Грекия прокуратурасы террорлық ұйым деп танылған Гүлен мүшелерін қатаң бақылауға алып, өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасып талап етіп отыр. Прокуратураның қара тізіміне енген 11 адамның үкімі болашақта анықталадын болады. Бұдан бөлек, Грек прокуратурасы тағы да 8 адамның есімін жеке қарауға шақырып отыр.

2016 жылдың 15-ші шілдесінде Фетулла Гүлен өзінің жақтастарымен Түркия еліндегі әскери төңкеріс жасағысы келді деп айыпталған болатын. Алайда, 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып келген Гүлен бұл іске ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдеген.

Әлемнің 150-ден астам еліндегі 1000-нан астам білім ордаларын қаржыландырып отырған Фетхулла Гүлен, ең үлкен террорлық ұйымдардың біріне басшылық етіп отырғандығы туралы ақпараттар жетерлік. Сонымен қатар,  Гүлен басқаратын «Хизмет» ұйымына миллиондаған адам мүше.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ билігіне бірнеше мәрте террористік ұйымның басшысын Түркия мемлекетініне тапсырып, әділ жазалануын талап еткен болатын. Алайда, АҚШ тарапынан қандай да бір оң нәтиже көрінер емес.

«The Qazaq Times»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз