Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі грантқа немесе ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін қандай шекті балл қажет екенін хабарлады.

Ұлттық университеттерге түсу үшін кем дегенде 65 балл, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек;

білім салалары бойынша:

  • «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кем дегенде 60 балл;
  • «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 70 балл;
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кем дегенде 65 балл.

Бұған дейін Қазақстанда білім гранттарын тағайындау тәртібі өзгергені туралы хабарланған болатын. ҰБТ уақыты 10 минутқа ұлғайтылды.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты жаңашылдық туралы айтты

2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып өткізіледі.

Жалпы 131 755 адам тестілеуден өтеді. Олардың арасында өткен жылдардағы 20 мыңға жуық түлек бар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз