Головкин әлемдегі ең үздік боксшылар рейтингінде бірінші орын алды — Қазақстан жаңалықтары

0

The Ring журналы орташа салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий

The Ring журналы орта салмақтағы үздік боскшы мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) деп есептейді. Алайда ол бөлек жазылған. 

Еске салайық, Канело — WBA Super титулына ие, сонымен қатар WBC-тің «франчайзингтік» чемпионы. 

Әдеттегі рейтингте бірінші орында IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тұр. Екінші орында — WBO белбеуінің иегері, америкалық боксшы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО). TOP 3-ті АҚШ-тың тағы бір боксшы, WBC чемпионы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) түйіндейді. 

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10 боксшы:

Чемпион — Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО)

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО)

2. Demetrius Андраде (29-0, 18 КО)

3. Джермалл Чарло (30-0, 22 КО)

4. Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО)

5. Риот Мурат (16-2, 13 КО)

6. Камил Шеремета (21-0, 5 КО)

7. Крис Юбэнк-кіші (29-2, 22 КО)

8. Мацей Сулецки (28-2, 11 КО)

9. Роб Брант (25-2, 17 КО)

10. Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО).

stan.kz