Германияда екі ұшақ соқтығысты: қаза тапқан бар

0
19 Қараша 2018, 08:35 349 0

Фото: rp-online.de

Астана, BAQ.KZ. Кюкховени қаласында екі жеңіл ұшақ соқтығысты. Бұл туралы жергілікті Rheinische Post басылымы полицияғы сілтеме жасап хабарлады.

«Екі жеңіл ұшақ сенбі күні аэродромның маңында соқтығысты. Бір әуе кемесіндегі ұшқыш қайтыс болды», — деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Басылым таратқан мәліметке қарағанда, қаза тапқан ұшқыштың жасы 70-те болған. Екіншісі 60 жаста. Ол орташа деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Олардың екеуі де жергілікті ұшқыштар клубында тіркеуде тұрған.

Апаттың себебі белгісіз. Тек ауа райы қолайлы болғаны ескертіледі.

Істі қылмыстық полиция тексеріп жатыр.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ