Генерал-майор, экс вице-министр Әмірбек Төгісов қайтыс болды

0

Әмірбек Әнуарұлы Төгісов (30.5.1949 жылы туған, Қытай, Бурчун қаласы) – әскери қайраткер, генерал-майор (1996).

Орджоникидзе қаласындағы КСРО ҚҚМ-нің командалық әскери училищесін (1970), Целиноград педогогиялық институтын (1981) бітірген.

1968 жылдан Қарулы Күштер қатарында. 1970–1991 жылы КСРО ҚҚМ Ішкі әскерлер бас басқармасында әр түрлі жауапты қызметтерде болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (1992–1997), Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары (1997–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан запаста, 2-дәрежелі “Айбын” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.