«Гелендваген көлігін алғым кеп жүр»: Қазақстандық жұлдыздардың көлігі қандай — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық жұлдыздардың қымбат көлік мінетіні белгілі. Кейбірі темір тұлпарын өзі жүргізсе, енді бірі жүргізуші жалдайды. Арманындағы көлікке жете алмай жүрген әншілер бар. Олар кімдер?

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі OYBAY SHOW бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Майра Мұхамедқызы 3 жылдан бері көлік айдап жүр. Алайда қымбат көлік туралы армандамайды. Көлікті тек тасымал құралы ретінде көреді. Көлігі — Лексус 450.

«20 жыл бұрын жолда ыңғайсыз жағдайға тап болдым. Ол кезде көлік жүргізіп жүрген едім. Өзге көлік жүргізушілері мені жан-жағымнан қысып тастады. Сол кезде шошынып, «көлік жүргізбеймін» дедім. Бірақ 3 жылдан бері қайта жүргізіп келемін», — деді Майра Мұхамедқызы. 

Ал, Роза Рымбаеваның жеке көлік жүргізушісі бар. Көлігі — Лексус.

«Көлік жүргізе аламын. Оқуын да оқығанмын. Бірақ балаларым мен үшін қорқады. Жолда бір жағдай болып қалса қайтеміз, жүргізуші алайық деген соң келістім», — деді әнші. 

Динара Сұлтан 17 жасынан бастап көлік айдайды. 17 жылдық тәжірибесі барын айтты. Бүгінде жеке көлігі бар. Оны өзі басқарады. Бірінші көлігі — Daewoo Matiz. Екіншісі — Мерседес. Қазіргі көлігі  — 2013 жылғы Porsche Cayenne. Әнші қазір Tesla көлігі армандап жүр.

Бағлан Әбдірайымов 8-сыныптап бастап көлік жүргізіп үйренген. Қазіргі көлігі 2001 жылғы Мерседес. Арманындағы көлік — BMW M6. 

«Әкемнің Москвичі болатын.Оқушы кезде соны айдап үйрендім. Қазір де көлігім бар. Мен көлігімнің күтіміне қатты қараймын. Тұлпарым секілді. Кір, не сырылған, сызылған жерлерін дереу жасатамын. Жуып тұрамын, жинақы ұстаймын. Көліктің күтімі маған жауапты жұмыс. Кейде такси ұстап немесе автобуспе жүретін кездер болады. Алматының шетінде Бесағаш деген жерде тұрамын. Көлігім бұзылып қалса, үйге такси шақыра алмаймын. Сондықтан өзім жол бойына шығып, такси тоқтататын кездер болады. BMW M6 көлігін алу мүмкіндігі болды, бірақ қазіргі көлігімді қимадым. Бас тарттым», — деді «Жігіттердің» мүшесі. 

Бейбіт Сейдуалиева көлік жүргізетін жігіттердер қыздарға жол беруін сұрайды. Себебі «қыздың жолы жіңішке». Болмашы нәрсеге шошып қалуы мүмкін. 

«7-8 жылдан бері көлік айдап жүрмін. Жолда көлік басқарған әйел адамды шеттетіп, төмендетеді. Жай дабыл берсе, селк ете қалатын жандармыз ғой. Сондықтан түсіністікпен қараса дейміз. Тоқтар ең бірінші 2012 жылы шыққан Nissan Juke алып берді салоннан. Қазір көлігім биыл салоннан шыққан Hyundai Tucson», — деді әнші. 

Арман Қоңыровтың қазіргі көлігі — Тойота Камри 55. 2016 жылы шыққан. Арманы — жаңадан шыққан Гелендваген көлігі.

Тоқтар Серіков 2014 жылы шыққан Toyota Land Cruiser айдап жүр.

«Біздің Семейге жету, Қазақстаннан басқа жағына жақсы жету үшін жақсы көлік керек. Асты биік, жол талғамайтын көлік керек. Елдің жолының жай-күйі анау, шұрық тесік. Оны қашан жасайды деп жылап жүрген жұрт. Оның бәрін көріп жүрміз», — дейді Тоқтар Серіков. 

stan.kz