Ғалымдар тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса не болатынын анықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ғалымдар дұрыс ұйықтамайтын адамдардың жүрек талмасына шалдығу қаупі қаншалықты жоғары екенін анықтау үшін жеті жыл зерттеу жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың Боулдер қаласындағы Колорадо университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, дұрыс ұйқының болмауы мен көп ұйықтаудың қандай қаупі бар екенін анықтады. Ол үшін жеті жылға жуық уақыт қажет болған.

Сарапшылардың пікірінше, егер адам темекі шекпесе, дене жаттығуларымен айналысса және жүрек-қан тамырлары ауруларына генетикалық бейімділігі болмаса да, аз немесе шамадан тыс көп ұйықтау жүрек талмасының пайда болу қаупін арттырады, деп хабарлайды Medical Xpress.

Зерттеу көрсеткендей, жүрек талмасының генетикалық тәуекелі жоғары адамдар үшін тәулігіне 6-9 сағат ұйықтау жүрек ұстамасын болдырмауға көмектеседі.  

«Сау жүрек жайлы айтар болсақ, ұйқының ұзақтығы шешуші фактор атқарады, оған осы зерттеу дәлел бола алады», – дейді зерттеу авторларының бірі, интегративті физиология кафедрасының доценті Селин Веттер.

Ғалымдар жеті жыл бойы 40-тан 69 жасқа дейінгі 461 мың қатысушының генетикалық ақпаратын, ұйқы режимі мен медициналық көрсеткіштерін талдаған.

Тағы оқыңыз: «Өліп кетуі мүмкін». Сомнолог түнгі 12-ден кейін ұйықтайтындарды сақтандырды

Нәтижелер тәулігіне алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 20%-ке жоғары екенін көрсетті. Ал тоғыз сағаттан көп ұйықтайтын адамдардың жүрек талмасына ұшырау ықтималдығы 34% -ке көп болған.

Сонымен бірге зерттеуде жүрек ауруына бейім келетін адамдар күніне алтыдан тоғыз сағатқа дейін ұйықтаса, жүрек талмасы қаупін азайтуы мүмкін екендігі аталып өткен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз