Ғалымдар: Науқас емделгеннен кейін де коронавирус ағзада сақталады — Қазақстан жаңалықтары

1

Бір топ ғалым Бейжіңдегі медициналық орталықта зерттеу жүргізіп, денеде коронавирустың қанша уақытқа сақталатынын анықтады.

коронавирус

Бұл туралы мәліметтер MedicalXpress журналында жарияланды, — деп хабарлайды Stan.kz.

Ғалымдар 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында емделген Пекин ауруханасындағы 16 науқастың дерегін талдады. Олардың орташа жасы 35,5 жасты құрады. Нәтижесінде ауырған COVID-19-нің жартысында вирус симптомдар жойылғаннан кейін бір күннен сегіз күн аралығында ағзада болатындығы анықталды.

«Зерттеудің ең маңызды нәтижесі аурудың белгілері жоғалғаннан кейін науқастардың жартысының ағзасында вирустың бөлінуі жалғасты», — дейді зерттеу авторларының бірі дәрігер Локеша Шарма.

Ғалымдар науқас емделгенне кейін де карантинді тағы бір-екі аптаға ұзартуға кеңес берді.

Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінің әлсіз иммундық жүйесі бар егде жастағы науқастарға қатысы бар-жоғы белгісіз екендігі атап өтілді. Дәрігерлер вирустың денеде ұзаққа созылатындығын жоққа шығармайды.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлем бойынша 570 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды, 26,5 мың адам қайтыс болды.

stan.kz