Ғалымдар: Мамыр ғаламшардағы бақылаулар тарихындағы ең жылы ай болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Өткен мамыр Сібір үшін рекордты түрде жылы болды. Мұны Еуропалық Одақтың климаттық бақылау қызметі мәліметтері дәлелдейді, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

ауа-райы

Жарияланған мәліметтер бойынша, аймақта ауа температурасы орташа есеппен 10 градус Цельсийден жоғары болды.

Мамандар Сібірдегі қазіргі ауа райын 1981 жылдан 2010 жылға дейін бекіткен ауа райымен салыстырды. Олар өткен көктемді Об мен Енисейдің төменгі ағысында «өте аномалды»деп атады. Температураның жоғарылауына байланысты өзен мұзы ери бастады.

Климатологтар жылынуды Сібірде ғана емес, сонымен қатар Еуропаның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Африканың және Антарктиканың кейбір бөліктерінде анықтады. Дүниежүзілік масштабта 2020 жылғы мамыр бақылау тарихындағы ең жылы кезең болды.

Айта кету керек, планетаның солтүстік аймақтарындағы жылыну ғалымдардың ерекше мазасыздығын тудырады. Олардың есептеулеріне сәйкес, мәңгі мұзда шамамен 1,5 триллион тонна парниктік газ сақталған, бұл қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың жылдық мөлшерінен он есе көп.

stan.kz