Ғалымдар коронавирус жұқтыру мүмкіндігі төмен адамдар туралы мифті жоққа шығарды — Қазақстан жаңалықтары
SARS-CoV-2 коронавирусының таралуымен бірге ол туралы мифтердің саны да өсіп жатыр. Олардың бірі — адамның басқа вирусты респираторлық ауруы анықталса, онда оның коронавирустық инфекциямен сырқаттану мүмкіндігі төмен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай бұл аңыз шындыққа жанаспайды.
АҚШ-тың Стэнфорд университетінің медициналық орталығының мамандары мәліметінше, іс жүзінде CoViD-19-дан емделіп жатқан әрбір оныншы науқасқа басқа респираторлық вирус бойынша диагноз қойылған.
Өз кезегінде, респираторлық аурудың белгілері бар әрбір оныншы науқас коронавирустық инфекцияны жұқтырған.
Мамандар жүргізген зерттеуге, CoViD-19-ге күдікті 562 адам қатысты, олардың 49-ында диагноз расталды.
stan.kz