Ғалымдар ішімдікке тәуелділіктің жаңа себебін атады — Денсаулық

0

АҚШ, Мексика және Испания ғалымдары климат жағдайларының алкоголь ішуге әсері бар екенін анықтады. Бұл туралы Hepatology ғылыми журналында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мен Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның негізінде193 елдегі спиртті ішімдік ішу деңгейі мен ауа райы жағдайын салыстырды. Зерттеушілердің айтуынша, климат  неғұрлым суық болса, адамдар осы кезде алкоголь ішуге құмар.

Сондай-ақ, ғалымдар маскүнемдік пен бауыр циррозының көбіне ауа райы суық елдерде жиі кездесетінін анықтады. Олардың сөзіне сүйенсек, адамдар мұндай жағдайда жылынып немесе күйзелістен арылғысы келіп, алкоголь ішуге құмар болады.

Ғалымдар маскүнемдіктен емдеудің жеңіл жолын тапты