Ғалымдар алғашқы белгілерден бұрын CoViD-19 анықтау әдісін тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Австралия ұлттық университетінің ғалымдар тобы адамның нәжісін талдау коронавирустың алғашқы белгілерінің басталуына дейін диагноз қоюға мүмкіндік беретінін анықтады. Бұл туралы Daily Mail жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, CoViD-19 іздері аурудың белгілері басталғанға дейін бір апта бұрын нәжісте пайда болуы мүмкін. Ұқсас сынақтарды жүргізген Голландия ғалымдары әріптестерінің тұжырымдарымен келісті.

Енді мамандар аурудың жаңа ошақтарын анықтау үшін кәріздердің құрамын тексеріп, дер кезінде хабарлағысы келеді. Амерсфорттан шыққан микробиолог Гертян Медемнің айтуынша, бір тазарту қондырғысының сынақтары миллион адамның денсаулығын білуге ​​көмектеседі.

 

stan.kz