Ғалымдар адамдардың мәйіттерін тыңайтқыш ретінде қолдануға ұсыныс жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Өлген адамның денелерінің компостқа (органикалық тыңайтқыш) айналуы қоршаған ортаға оң әсер етеді. Мұндай тұжырымға американдық ғалымдар алты мәйітпен тәжірибе жасағаннан кейін келген, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Science News-ке сілтеме жасап.

эко

Америкалық ғалымдардың пікірінше, өлген адамдардың мәйіттерін жою болашақта үлкен экологиялық мәселе тудыруы мүмкін. Тәжірибе ретінде зерттеушілер өлі денелерді органикалық материалдармен араластырып, компостта қолданған.

Зерттеуде өлі адамның денелерін жою жақын арада үлкен экологиялық мәселеге айналуы мүмкін екендігі айтылған. Денені бальзамдау үшін көптеген улы сұйықтық қажет, ал кремация атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газын бөледі. Ғалымдардың айтуынша, компост жасау қоршаған ортаға жақсы әсер етеді.

Зерттеу басталғанға дейін ғалымдар мәдени және саяси қарама-қайшылықтарға тап болған. Мұндай эксперименттердің этикаға жатпайтындығы туралы мәселе әлі де ғылыми ортада талқылануда.

stan.kz