Францияда наразылық шеруі қайта басталды

0

Францияда наразылық шеруі қайта басталып, 24 мыңға жуық адам билік саясатына қарсы ереуілге шықты. Бұл туралы «Лэ Монд» басылымы хабарлады.

Париж орталығына жиналған мыңға жуық адам ел президенті Эммануэль Макрон зейнетақы мен салық жүйесіне қатысты уәдесін орындамай отыр дейді. Шерудің арты қақтығысқа ұласып, екі жүзден астам адам қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Францияда 17 қарашадан бері «сары жейделілердің» ұйымдастыруымен жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары өтіп жатыр. Кей аймақтарда шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, бес жүзден астам адам ұсталды. Оқиғадан соң Париждегі Салтанат қақпасы ауданында полиция жанармай салығын көбейтуге қарсылық білдіріп шеруге шыққан наразыларды тоқтату үшін пиротехникалық гранаттар қолданған.

Франция үкіметінің ақпараты бойынша, жалпы ел көлемінде шеруге қатысушылардың саны 40 мың адамнан асқан. «Сары жейделілердің» толқуына қатысты Макрон қазіргі қиындықтың негізгі басы осыдан 40 жыл бұрынғы биліктің қате шешімдерінен кейін басталғанын және қазіргі жанармай салығының тым қымбаттауының тарихы да тым тереңде жатқандығын айтты.

«The Qazaq Times»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз