«Формула-3» көлік жарысындағы жантүршігерлік апат

0

«Формула-3» көлік жарысына қатысушы неміс қызы София Флерш ауруханаға жеткізілді, жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылған

Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушы София Флерш Макаодағы «Формула-3» Гран-при кезеңінде жантүршігерлік апатқа ұшырады.

Қыз айдап келе жатқан көлік трассадан ұшып кеткен. Содан соң тор қоршауды бұзып өтіп, қауіпсіздік рельсінің ар жағына бір-ақ шықты.

Жүргізушіні ауруханаға жеткізгенде есін жоғалтпаған, деп жазады Р-Спорт халықаралық автомобиль федерациясына сілтеме жасап.

Motorsport.com хабарлағандай, апат салдарынан үш көрермен мен екі фотографқа медициналық жәрдем қажет болған.

Апаттан соң жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылды. Жарысқа жеті дүркін «Формула-1» чемпионы Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер де қатысып жатқан еді.