Еуропада алғашқы мемлекет коронавирусты жеңді — Қазақстан жаңалықтары

0

Еуропаның Черногория мемлекетінде 20 күннен бері коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеген. Осылайша Черногория Еуропадағы індетті жеңген алғашқы ел болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Черногория

Бұл туралы Черногорияның қоғамдық денсаулық сақтау институтының желідегі парақшасында жарияланыпты. 

«Қазіргі таңда ресми түрде Черногорияда COVID-19 тіркелмегенін жариялаймыз. Ауру жұқтырғандар анықталғаннан бастап 68 күн өткен соң мемлекетте індетке шалдыққандар қалмады», — делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса соңғы 140 адамға жасалған сынамадан коронавирус анықталмапты. Ең соңғы науқас хаттамаға сәйкес емделіп, аурудан толығымен айығып шығыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Зеландия коронавирусты толығымен жеңгендерін жариялаған болатын. 

 

stan.kz