Еуро-2020 футбол чемпионаты коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді – Қазақстан жаңалықтары

0

Еуропа футбол сайысын коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегеру туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

еуро 2020

Еуропалық футбол қауымдастығының (УЕФА) басшысы Александер Чеферин қазіргі таңда пандемияға байланысты сайысты осы жылы өткізу мүмкін емес болмай тұрғанын алға тартқан. Сол себепті футбол чемпионатын 2021 жылдың 11 маусым – 11 шілде аралығында өткізу жоспарланыпты. Мұндай тоқтамға УЕФА-ның атқарушы комитеті 55 мемлекеттің футбол федерацияларының өкілдерімен өткен видеоконференциядан кейін келіпті. 

«Еуро-2020 сайысын кейінге шегеру УЕФА үшін қиынға соқпақ», – деп мәлімдепті Чеферин.

Еске салайық, Еуропа чемпионаты осы жылдың 12 маусымында Ирландия мен Ресейден басталып, Әзірбайжан мен Италия мемлекеттерінен жалғасын табуы керек еді. 

Ауқымды футбол жарысын келесі жылға қалдыруға 275 миллион фунт (302 миллион евро) ақша жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде УЕФА басшылығы футбол лигалары мен топтардан дәл осындай өтемақы талап етіпті. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз