Есім Сегізбаев дүниеден өтті — Қоғам|25 Қараша 2018, 10:38

0

Астана, BAQ.KZ. Актер, педагог, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі Есім Сегізбаев дүниеден өтті.

Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы Көкшетау облысы, Рузай ауданында туған.

1958 жылы Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірген.

1958 — 1961 жылдары-әскер қатарында болып, аға лейтенант.

1961 — 1965 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кино және драма актеры мамандығын бойынша бітірген.

1965 — 1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек етті.

1978 жылдан негізгі кәсіби мамандғы «Актер шеберлігі» пәнінен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор лауазымдарын атқарды. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етті.

Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытайдың халық артисін), 1 (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30-ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен мәдениет қайраткерілерін) бар.

«Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері бар.

1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» медалі

1983 жылы «Еңбек ардагері» медалі

1996 жылы ҚР Білім беру ісінің Үздігі

1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (құрметті атағы)

2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

Президент жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.

ҚР Мәдениет саласының Үздігі (құрмет медалі)

2015 жылы «Ұлы Отан соғысына 70 жыл» медалі

Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі

Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті пеадгог төсбелгісі және т.б медальдармен марапатталған.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ